14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

14 Қыркүйек 2019, 08:20
2086
Бөлісу:
14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенбіде Қазақстанның басым бөлігінде антициклон жотасының орналасуына байланыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Тек республиканың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерде найзағаймен жаңбыр жауады. Республиканың кей жерінде тұман күтіледі, оңтүстікте жел күшейеді.

Түркістан облысының кей жерінде шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде бұршақ жаууы ықтимал, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Қызылорда облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды ​​облыстарының кей жерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түркістан, Қызылорда, кей жерде Жамбыл, Карағанды облыстарында, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Атырау, Алматы облыстарының батысында  өте жоғары өрт қаупі сақталады.

 

Өзгелердің жаңалығы