14 тамызға арналған ауа райы болжамы

14 Тамыз 2019, 08:27
2321
Бөлісу:
14 тамызға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәрсенбіде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады, найзағаймен жаңбыр жауады, деп хабарлады Қазгидромет РМК.

Кей жерлерде жел күшейеді, шаңды дауыл, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Жамбыл, Қарағанды ​​облыстарының кей жерінде дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерінде шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысының кей жерінде дауыл күтіледі. Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Павлодар, күндіз Қостанай облыстарының кей жерінде бұршақ жаууы ықтимал, Қызылорда облысының күндіз кей жерінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күтіледі, таңертең және күндіз кей жерінде бұршақ жаууы ықтимал. Алматы облысының кей жерінде жел 17-22 м/с шаңды дауылмен бірге күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

 

Өзгелердің жаңалығы