14 мамырға арналған ауа райы болжамы

14 Мамыр 2019, 08:15
1970
Бөлісу:
14 мамырға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерде жауын-шашын болады.

Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей аймақта жел күшейіп, найзағай болады, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл, оңтүстікте шаңды дауыл болып, оңтүстік-батыста тұман түседі.

Шығыс Қазақстан, Павлодар, күндіз Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерінде дауыл болады, бұршақ жаууы мүмкін, желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с.

Батыс Қазақстан облысының кей жерінде бұршақ жаууы мүмкін, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл болады.

Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерінде тұман түседі.   

Өзгелердің жаңалығы