Бас жаңалықтар
13 млн теңге, 10% жарна. Елорда жастарына арналған бағдарлама әзірленіп жатыр
25 Ақпан 2021, 13:15 386

13 млн теңге, 10% жарна. Елорда жастарына арналған бағдарлама әзірленіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ-де өткен баспасөз конференциясында «Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаев елордалық жастарға арналған жаңа бағдарлама туралы айтып берді.

Нұр-Сұлтандағы жастардың көкейінде жүрген өзекті сұрақтардың біріне тоқталды.

Жастарды үймен қамтамасыз ету мәселесі Мемлекет басшысының да, қала басшылығының да назарында. Осыған байланысты «Елорда жастары» бағдарламасы іске қосылайын деп жатыр. Яғни «Алматы жастары» сияқты «Елорда жастары» биыл іске асырылады. Бұл сұрақтың негізгі авторлары – жергілікті әкімдік. Сол себепті бағдарламаны жүзеге асыруға жергілікті әкімдіктен, жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп жатқандықтан бүгінгі күні әлі келісімге қол қойған жоқпыз, - дейді Жансұлтан Матаев.
Дегенмен тиісті жұмыс әкімдік тарапынан жүріп жатқанын атап өтті.
Сондықтан «Отбасы банкінің» менеджерлері бұл мәселе бойынша сұраққа толық жауап бере алмайды. Негізі шарттары, яғни бағдарлама аясында қандай жастағы азаматтар, қандай салада жұмыс істеп жатқан азаматтарды үймен қамтамасыз ету керек екені бекітіліп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласының мәслихатында негізгі шарттарымен бөлінетін қаражат бекітіледі, - деп айтты Матаев брифингте.
Ол бұған дейінгі концепцияның шарттары туралы түсіндіріп өтті.
Азаматтың жасы 35 жастан аспауы керек. Бұл - басты мәселе. Бөлінетін несиенің жоғары шегі – 13 млн теңге. Алғашқы жарна 10%. Сондай-ақ, қолданыстағы заңнамаға сәйкес елордада кезекке тұра алмай жүрген жастар категориясын қамту қарастырылып жатыр. Атап айтсақ, БАҚ өкілдері, дәрігерлер, полиция қызметкерлері, өнер саласының адамдары, әлеуметтік қызметкерлер. Бұл тізім әлі де толықтырылады, - деп түсіндерді ол.

«Отбасы банкінің» ұсынысы бойынша өндіріс, IT саласында жұмыс істеп жүрген жастарды да осы бағдарламамен қамту көзделіп отыр. Толық ақпарат бағдарлама бекітілгеннен кейін белгілі болады. 

Айта кетейік, бағдарлама наурыз айында басталады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...