Сайлау комиссиясы мүшелеріне 127 мың теңгеге дейін ақы төленеді

12 Сәуір 2019, 15:34
9633
Бөлісу:
Сайлау комиссиясы мүшелеріне 127 мың теңгеге дейін ақы төленеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сабила Мұстафина кезектен тыс президент сайлауы кезінде жұмыс істейтін сайлау комиссиялары мүшелерінің жалақысы туралы айтты.   

Оның айтуынша, аумақтық сайлау комиссияларының 70 мыңға жуық мүшесі бар. Олардың жалақысы Конституциялық заңға сай айына ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болмауы тиіс. 

«Аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері президент сайлауы жарияланған күннен бастап екі ай жұмыс істейді. Ал учаскелік сайлау комиссиялары – бір ай. Дегенмен, өткен сайлау кампаниялары көрсеткендей, босатылмаған кейбір учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері кәсіби қызметтеріне байланысты сайлау күні ғана келеді. Кейбір сайлау комиссия мүшелері жарты ай істейді, кейбірі толық бір ай», - деп айтты комиссия хатшысы. 

Ол сайлау кезінде жұмыс істейтін азаматтарға берілетін жалақының орташа көлемін айта алмады. 

«Есеп жүргізіліп жатыр. Егер учаскелік сайлау комиссия мүшесі толық бір ай жұмыс істесе, ең көп дегенде ең төменгі жалақының үш мөлшері – 127 мың теңге алады. Бұл кейін тексеріледі. Табельдің қалай болатынын әзірге білмейміз. Қазір айта алмаймын. Сметаны есептегенде барлығын артығымен есептедік», - деп айтты Мұстафина ОСК кулуарында.

Өзгелердің жаңалығы