113 мыңнан астам қарағандылыққа карантин кезеңінде біржолғы төлем тағайындалды

6 Тамыз 2020, 01:23
1256
Бөлісу:
113 мыңнан астам қарағандылыққа карантин кезеңінде біржолғы төлем тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5 тамыздағы жағдай бойынша Қарағанды облысының тұрғындарынан 42 500 біржолғы төлем алуға 126 мың өтініш қабылданды, оның 113 442 мақұлданды.

Шілде айында карантинге байланысты жұмыссsз қалғандарға 42 500 теңге төлем төленеді. Тамыз айында – осы соманың жартысы (21 500). Егер кімде-кім әлі өтініш бермесе, қазір де беруге болады. Бұл жағдайда төлем 63 750 теңге құрайды, - деп атап өтті Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Төлеу Мұхтар.

Ол сонымен бірге, жәрдемақы карантин шараларының қатаюына байланысты табысын толық жоғалту жағдайында ғана беріледі.

Жалдамалы қызметкерлер үшін жұмыс берушілер беруі тиіс. Егер жұмыс беруші төлеуден бас тартса, бұл туралы Еңбек инспекциясы бойынша басқармаға (8-7212) 43-20-84 нөміріне хабарласуға болады.

Жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын тұлғалар өз атынан өтініш бере алады.

Өзгелердің жаңалығы