Бас жаңалықтар
БЖЗҚ-дағы қаржы 11 триллион теңгеден асты
26 Наурыз 2020, 20:45 323

БЖЗҚ-дағы қаржы 11 триллион теңгеден асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның аса маңызды қаржы институттарының бірі "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ-ның зейнетақы активтері 2020 жылдың алғашқы екі айында 283 миллиард теңгеге ұлғайды.

Осылайша азаматтардың зейнетақы жинақтары 11 триллионнан асып, екі айдағы өсім 3% жетті.

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары бойынша қалыптасты және соңғы 12 айда 17%-ға ұлғайып, 10,8 трлн теңгені құрады. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 257 млрд теңге (өсім 25%), ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2 млрд теңгеге (өсім 6%) жуық – делінген БЖЗҚ АҚ-ның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, БЖЗҚ АҚ жарналарының барлық түрлері бойынша жеке зейнетақы шоттарының жалпы саны - 10 498 852-ге (ЖСН жоқ, деректемелері толық емес техникалық шарттарды есепке алмағанда) жетті.

Өткен жылдың наурыз айынан бастап өсім 3%. ЖЗШ-лардың басым бөлігін міндетті зейнетақы жарналары – 9,9 млн (өсім 3%), одан кейін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары – 514 мың шотты (өсім 6%) құрады. Ең үлкен өсім ерікті зейнетақы жарналары бойынша байқалды, 2020 жылдың 1 наурызына БЖЗҚ-да ЕЗЖ бойынша 55 221 шот болды, бұл 2019 жылғы көрсеткіштен 12% жоғары – дейді мамандар.

Осы орайда БЖЗҚ-ның техникалық шарттар бойынша жұмысын атап өту маңызды.

Бұған сәйкестендірілмеген салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ-лары жатады. Мұндай шоттарда жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ, сондай-ақ тегі, аты, әкесінің аты мен туған күні бойынша қате деректемелер көрсетілген (ЖСН жоқ ЖЗШ). 2019 жылғы 1 наурыздан бастап 2020 жылғы 1 наурызға дейін БЖЗҚ қызметкерлері осындай 20 мыңнан астам шотты анықтап, олардың жалпы санын 11%  қысқартуға қол жеткізді. Осылайша биыл 1 наурызына БЖЗҚ-да 186,8 мың техникалық шарт қалып отыр – дейді БЖЗҚ мамандары.

Салымшылардың (алушылардың) МЗЖ бойынша жеке зейнетақы шоттарындағы орташа жинақ көлемі (техникалық шарттарды есепке алмағанда) 1,11 млн.теңгеге жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12% жоғары.

2020 жылдың алғашқы 2 айында салымшылардың шоттарына жалпы көлемі 175,2 млрд. теңге зейнетақы жарналары түсті, бұл 2019 жылдың алғашқы 2 айындағы көрсеткіштен 20% артық. Төлемдер 32,1 млрд.теңгені құрады, олардың басым бөлігі жасына байланысты (12,2 млрд. теңге), ҚР шегінен тыс жерлерге ТТЖ-ға кету бойынша (8,4 млрд. теңге), сақтандыру ұйымдарына аударымдар (5,4 млрд. теңге), мұрагерлерге (5,2 млрд. теңге) берілген төлемдерден тұрады. Салымшылардың (алушылардың) шоттарына аударылған таза инвестициялық кіріс 139,9 млрд.теңге мөлшерінде есепке алынды.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...