11 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

11 Қаңтар 2020, 08:19
1378
Бөлісу:
11 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 11 қаңтар күні Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Атмосфералық фронттардың республиканың басым бөлігіне әсері әлі де бар. Оның ықпалымен кей жерде жауын-шашын (көбінесе қар) жауады. Республиканың кей жерінде тұман сақталады, оңтүстік және оңтүстік-батыста – көктайғақ.

Алматы облысының Алакөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерде тұман түседі.

Жамбыл облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын сақталады.

Түркістан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі.




Өзгелердің жаңалығы