Бас жаңалықтар
«Қазпоштаны» тонағандар ұсталды
26 Наурыз 2019, 15:53 212

«Қазпоштаны» тонағандар ұсталды

Алматы, BAQ.KZ. Жаркент қаласындағы «Қазпошта» бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрлік таратқан мәліметке сүйенсек, 24 ақпанда пошта бөлімшесінен 300 миллион теңге ұрланған.

«Қылмысқа қатыстыларды анықтау жұмыстарына өңірдің барлық полиция күштері жұмылдырылды. Соның нәтижесінде қылмыс жасауға күдікті деген Жаркент қаласының екі тұрғыны анықталды. Ұрланған ақша күдіктілердің біреуінің үйінде арнайы жабдықталған құпия жерде және шаруашылық үй-жайдан табылды. Аталған факті бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде және ол ІІМ-нің бақылауына алынған», – деді баспасөз қызметінің мамандары.


Сізден жаңалық