"Қазақстанды" қарызға батырып кеткен кім?

15 Мамыр 2020, 12:20
3947
Бөлісу:
"Қазақстанды" қарызға батырып кеткен кім?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ірі көлемдегі ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен "Қазақстан" шипажайының бұрынғы басшысы ұсталды. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу департаменті Қ. Сұлтанға және басқа адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
2013 жылы Қ. Сұлтан шипажай ғимаратын қайта жаңарту және күрделі жөндеу сылтауымен банкке жоғары кіріс туралы жалған мәлімет беріп, 2,6 млрд теңге несие алады. Одан әрі әр түрлі қаржылық схемаларды пайдалана отырып, Қ. Сұлтан жалған кәсіпорын арқылы ақша қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырып, 974 млн теңге жымқырады,  - делінген таратылған ақпаратта.

Бүгінгі күні АҚ іс жүзінде банкроттыққа дейін жеткен. Қаржы мекемесі алдындағы берешектің жалпы сомасы 3,5 млрд теңгеден асады.

Қазіргі уақытта Қ. Сұлтан соттың санкциясымен қамауға алынды, оның қызы А. Бейсебаева үйқамаққа алынды. Сонымен қатар, қылмыстық жауапкершілікке акционерлік қоғамның бірқатар қызметкері мен Қ. Сұлтанның жақын туыстары тартылады.

Тергеу жалғасып жатыр.
Өзгелердің жаңалығы