«Қарапайым заттар экономикасы»: Түркістан облысында 206 жоба жүзеге асырылуда

22 Тамыз 2019, 14:08
1465
Бөлісу:
«Қарапайым заттар экономикасы»: Түркістан облысында 206 жоба жүзеге асырылуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын іске асыруда көш бастап тұр. Бұл туралы бағдарламаны іске асыру бойынша Өңірлік жобалау офисінің кезекті отырысында мәлім болды.

Өңірде жалпы құны 64,5 млрд теңгені құрайтын 206 жоба бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. 

«Бір ай бойы жүйелі және тынымсыз еңбектің арқасында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік», - деген Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев бағдарламаны іске асыру барысында кәсіпкерлерді шарттармен таныстыру және кәсіпкерлер арасында белсенділікті арттыру мақсатында  белсенді сату әдісі қолданылғандығын және қаржының кәсіпкерлер үшін қолжетімді болуының маңыздылығын атап өтті. 

Сондай-ақ, Жобалау тобы және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ өкілдері аудандарда және қалаларда жергілікті кәсіпкерлермен жеке кездесулер өткізді. Белгілі болғандай, бұл әдіс қысқа мерзім ішінде өз жемісін берді.

Аталмыш бағдарлама  бойынша бүгінгі күннің өзінде ілгерілеу байқалуда, сомасы 927 млн теңгені құрайтын 18 жоба қаралуға түскен.

Бағдарламаны орындау бойынша Түркістан қаласының кәсіпкерлері белсенділік танытып 36 жоба ұсынды.  Агроөнеркәсіптік саласының кәсіпкерлері өте белсенді. 206 жобаның 117-сі осы салаға тиесілі.

Бүкіл қаржы ұйымдардың арасында агроөнеркәсіптік кешенге  «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ жауапты екені атап өткен жөн. Жеке кездесулерден соң, бүгінгі таңда сомасы 8,9 млрд теңгеге 16 жоба мақұлданды. 

Өзгелердің жаңалығы