Несиеге кепіл ретінде 50 жылдан асқан тұрғын үйлер қабылданады – Кемешов

16 Тамыз 2021, 17:18
2559
Бөлісу:
Несиеге кепіл ретінде 50 жылдан асқан тұрғын үйлер қабылданады – Кемешов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП-ның Микроқаржыландыру және жобаларды сүйемелдеу департаменті директорының орынбасары Ринат Кемешов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Кепіл ретінде 50 жылдан асқан тұрғын үйлер қабылданады. Сондай-ақ коммерциялық мақсаттағы жер учаскелері қабылданады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер (егістіктер мен жайылымдар), жылжымалы мүлік қосымша кепіл мүлкі ретінде қабылдануы мүмкін, - деді ол.

Ринат Кемешов айтқандай, бұл жұмыс жауапкершілікті талап етеді.

Білгір мамандар командасын құрдық, озық тәжірибені қабылдадық, оның ішінде адами факторды барынша жоюға тырыстық. Біз құрылған микроқаржы ұйымдарының әлеуметтік және экономикалық тиімділікті арттыруға және тұрақты жұмыс орындарын құру мүмкіндік беретініне сенімдіміз. Несие алу үшін «Бастау Бизнес» жобасы бойынша сертификат және кепіл мүлкіне құжаттар талап етіледі. Банктерде ағымдағы мерзімі өткен берешектің болмауы. Кепіл ретінде 50 жылдан асқан тұрғын үйлер қабылданады. Сондай-ақ коммерциялық мақсаттағы жер учаскелері қабылданады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер (егістіктер мен жайылымдар), жылжымалы мүлік қосымша кепіл мүлкі ретінде қабылдануы мүмкін, - деді «Атамекен» ҰКП-ның Микроқаржыландыру және жобаларды сүйемелдеу департаменті директорының орынбасары Ринат Кемешов.

Өзгелердің жаңалығы