Елорда тұрғыны ақмолалықтарға қолданыстағы несиелердің мөлшерлемелерін төмендетуге уәде етіп, ақша алған. Полиция алаяқтық фактілері бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Целиноград ауданының полиция бөлімі алаяқтық фактілері бойынша екі қылмыстық істі тергеп жатыр.
24 жастағы елорда тұрғыны жәбірленушілерге қолданыстағы несиелердің пайыздық мөлшерлемесін төмендетуге көмек ұсынып, "қызметі" үшін қолма-қол ақша алып, міндеттемелерін орындамаған.
Тергеу барысында анықталғандай, жәбірленушілер күдіктімен жеке таныс болған, сондықтан оған толығымен сенген. Залалдың жалпы сомасы 2,6 миллион теңгеден асты. Тараптар арасындағы келісімдер 2025 жылдың желтоқсанында жасалған, алайда үш айдан кейін күдікті уәдесін орындамаған. Жәбірленушілер полицияға жүгінуге мәжбүр болды. Осы фактілерге сәйкес алаяқтық белгілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Қазіргі уақытта полицейлер болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде, сондай-ақ күдіктінің осыған ұқсас эпизодтарға қатысын тексеруде. Жәбірленушілер саны бұдан да көп болуы мүмкін, - деп хабарлады Ақмола облысының ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында несиелерді заңсыз рәсімдеген банктің бұрынғы менеджері ұсталды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Жамбыл облысында енесінің атынан несие алған келін сотталды
Талдықорғанда бопсалаушылар таныстарын қорқытып, несие алуға мәжбүрлеген
Енді несие алу қиындайды: Кімдерге ақша берілмейді?