Өнеркәсіп және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңес өтті

22 Тамыз 2020, 12:24
1089
Бөлісу:
Өнеркәсіп және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңес өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қауіпсіздік Кеңесінің Аппаратында уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен өрт және өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ осы саладағы бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша кеңес өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Кеңес қорытындысы бойынша қауіпті химиялық заттардың, жанғыш және жарылыс қаупі бар материалдардың айналымдарына тартылған, қауіптілігі жоғары объектілерде, сондай-ақ тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарында өрт және өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берілді. 

Адамдар жаппай жиналатын орындарда, газ-техникалық жұмыстар өндірісінде, сондай-ақ медициналық мекемелерде оттегімен жарақтандыруды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін қатамасыз ету бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізуге аса назар аударылуы тиіс екені айтылды.

Өзгелердің жаңалығы