Непалдағы апат: Ұшақ ішінен түсірілген видео тарады

16 Қаңтар 2023, 10:54
7158
Бөлісу:
Непалдағы апат: Ұшақ ішінен түсірілген видео тарады
VIDEO

Әлеуметтік желіде Непалда апатқа ұшыраған ұшақ салонынан түсірілген бейне тарады. Жолаушылардың бірі Facebook желісінен тікелей эфирге шығып, болған оқиғаны видеоға түсіріп алған,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жолаушылардың бірі үндістандық 35 жастағы Сону Джайсвал есімді ер адам. Ол Facebook желісіндегі тікелей трансляция қосып, Непалда өзі және тағы 67 адам қаза тапқан Yeti Airlines ұшағының апатқа түскен  сәтін түсіріп алған, - делінген El Dato Noticias Morelos Twitter парақшасында. .

Джайсвал көріністі терезеден түсірген. Кадрлардан ұшақтың төмен түсе бастағаны байқалады. Барлық жолаушылардың көңіл-күйлері жақсы болған. Бірақ кенеттен айқай естіліп, ұшақ бір жағына қисайып, төмендей кеткен. 

Апат себебі әлі белгісіз. 
 

Бортта бүкілі - 72 адам.  Непалдықтардан бөлек, Ресейдің төрт азаматы мен австралиялық, кореялық, ирландиялық, франциялық, аргентиналық жолаушылар болған.

Өзгелердің жаңалығы