Неліктен балалар Ashyq арқылы тексеруден өтпейді?

16 Маусым 2021, 13:27
3293
Бөлісу:
Неліктен балалар Ashyq арқылы тексеруден өтпейді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният неліктен Ashyq кіргізу жүйесіне балалар тіркелмейтіні туралы сұраққа жауап берді.

Вице-министр атап өткендей, балалардың арасында да аурушаңдық өсіп отыр. Балалардың да ауру тарату жолдарының басты себепкері екені белгілі.

Қазіргі таңда Ashyq жүйесіне 10 мыңнан астам ұйым тіркеліп, 2 млн-нан астам ересек адам жобаға қатысып жатыр. Ең алдымен ересек азаматтармен аталған жобаның тиімділігін, COVID-19-бен бірге өмір сүріп жатқандықтан оның қағидасын тиімді жүргізу үшін ересектер арасында бастадық. Кейін балалар да мектепке, жоғары оқу орындарына баруды бастайды, - деп жауап берді Ажар Ғиният брифингте. 

Министрлік өкілі алдағы уақытта Ashyq жүйесін әрі қарай жетілдіруді қолға алатындарын айтты.

Қазіргі таңда жобаны ересек азаматтар арасында енгізіп, Ashyq-тың сапалы жұмыс істейтінін қарастыруымыз керек, - деп толықтырды ол. 

Еске сала кетейік, 18 жасқа дейінгі балалар Ashyq жүйесіне тіркелмей-ақ ғимараттарға кіргізіледі.

Бұған дейін еліміздің теміржол вокзалдары да Ashyq кіргізу жүйесіне өткендігі туралы хабарлаған болатынбыз.


 

Өзгелердің жаңалығы