Негізгі ауыртпалық мәслихатқа түсіп отыр – Саясат Нұрбек

21 Сәуір 2022, 11:00
6000
Бөлісу:
Негізгі ауыртпалық мәслихатқа түсіп отыр – Саясат Нұрбек
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Желмая» жобасының кезекті қонағы – Парламент Мәжілісінің депутаты Саясат Нұрбек.

Партияның аты өзгерді, енді заты қаншалықты өзгеріп жатыр. Әкім фракцияның төрағасы бола ма? Халықтың жағдайы арнайы органдар берген есепке сай келе ме? Алда қандай өзгерістер күтіп тұр? Осы және өзге де маңызды сауалдарға Мәжіліс депутаты Саясат Нұрбек жауап береді. 

«Желмая» жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?

«Желмая» – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

Бұған дейін жобамыздың қонағы кәсіби отбасылық психолог Ержан Мырзабаев болған еді.

Видео: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы