«Неге жұмыс істемейсіңдер». Өрт сөндіруші жанайқайын жеткізді

12 Маусым 2023, 15:44
5009
Бөлісу:
«Неге жұмыс істемейсіңдер». Өрт сөндіруші жанайқайын жеткізді
VIDEO
Фото: BAQ.KZ - архив

Әлеуметтік желілерде Абай облысындағы өртке байланысты өрт сөндірушілердің үндеу жариялаған видеосы тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Видеода Елдос Нұртазаев есімді өрт сөндіруші жұмыстарына кедергі келтірмеуін жеткізген.

Оның айтуынша, осылай әлеуметтік желілер арқылы видеоүндеу жасауға мәжбүр болған.

Сіздерді де түсінеміз, бізді де түсініңіздерші. Бізге де оңай емес, елім, жерім жеп жүрген жігіттер. Кешеден бері өртпен алысып жүрміз. Мына жақта кейбір ағаларамыз төбемізге төніп алып, неге жұмыс істемейсіңдер дейді. Жұмысқа неге кедергі боласыздар. Техника неге кіре алмайды дейсіздер. Техника кіріп шығуы оңай емес. Біз үшін адам өмірі өте маңызды. Бірлік бар жерде, тірлік бар! Барлығымыз бірге жұмыс істейік, - деді өрт сөндіруші Елдос Нұртазаев.

Өзгелердің жаңалығы