Не ақша жоқ, не мал жоқ. Дайрабаев ресейлік компанияға алданған фермерлер мәселесін көтерді

26 Сәуір 2023, 10:42
2024
Бөлісу:
Не ақша жоқ, не мал жоқ. Дайрабаев ресейлік компанияға алданған фермерлер мәселесін көтерді
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев палата отырысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымовадан фермерлердің мәселесін шешуді сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ресейде «КамАгро» деген алаяқ компания бар. Оны өзіңіз де білетін шығарсыз. Осы алаяқ компания Қазақстандағы 16 фермерден 1 млрд теңгеден астам қаражат алғанына 3 жылдай болды. Не ақша жоқ, не мал жоқ. Үш жыл болды. Аграрлық несие корпорациясынан алынған ақша солардың (фермерлердің – ред.) мойнында. Оның өсімақысы өсіп жатыр. Дүние мүлкінің бәрі, үй-жайы, қорасы, бәрі кепілде жатыр. Оларды қалай құтқаруға болады? Фермерлердің жазбаған жері, бармаған есігі қалған жоқ. Ешкімге ешкімнің жаны ашымайды, - деді депутат.

Дайрабаев Мәдина Әбілқасымова басқарып отырған агенттікке үміт барын айтып, қайтару үшін қандай әрекет жасауға болатынын сұрады.

Өз кезегінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова бұл мәселені агенттік қарайтынын айтты.

Оң шешім табу үшін қажетті шараның бәрін жасаймыз, - деп қысқа жауап берді агенттік басшысы.

Бүгін Мәжілісте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде кредиттік тарихтың құрамына кіретін мәліметтер алмасу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын таныстырған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы