Үндістандық туристер Алматы тауларына жиі келеді – елші

16 Тамыз 2019, 09:53
2522
Бөлісу:
Үндістандық туристер Алматы тауларына жиі келеді – елші
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үндістан азаматтарының Алматы тауларына қызығушылығы жоғары. Бұл туралы Үндістанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Прабхат Кумар айтты.

Үндістанның Қазақстандағы елшісі екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттары туралы айтты.

«Үндістан мен Қазақстан қазірде бірнеше бағытта ынтымақтастықты дамытып жатыр. Үндістан – Қазақстан тәуелсіздігін мойындаған алғашқы елдердің бірі. Жақсы қарым-қатынас орнаттық. Саяси деңгейде бірнеше рет сапар болды. Соңғы 25 жыл ішінде Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үндістанға алты рет ресми сапармен барды», - деді елші Прабхат Кумар Нұр-Сұлтандағы Үндістанның күндері аясында «Таңғажайып Үндістан: керемет көпқырлы мәдениет» деген тақырыпта ашылған фотокөрмеде.

IMG_3762.jpg

2018 жылы елдер арасында сауда айналымы 1,2 млрд долларға жетіп, 25% артқан.

«Көріп тұрғандарыңыздай, елдеріміз арасындағы тауар айналымы жыл сайын өсіп келеді. Үндістандық бизнесмендердің Қазақстандағы инвестициялық жобалары көп. Үндістан Қазақстанмен ынтымақтастықты энергетика, мұнай, ауыл шаруашылығы секілді бірнеше салада дамытуға мүдделі», - деді дипломат.

IMG_3814.jpg

Сонымен қатар, елші туризм саласындағы мәселелерге тоқталып, қыркүйектен бастап Үндістанға Қазақстаннан аптасына 9 рейс орындалуы мүмкін екенін айтты.

«Қазақстанға Үндістаннан көп турист келіп жатыр. Сондай-ақ, Үндістанға баратын қазақстандықтардың саны көп екеніне сенімдімін. Әуе компаниялары аптасына 7 рет ұшады, бірақ қыркүйектен бастап аптасына 9 рет ұшатын шығар. 2018 жылы Үндістанның Қазақстандағы елшілігі 20 мың виза берді. Қазақстанның Үндістандағы елшілігі де сонша виза береді. Бұл елдеріміз арасындағы туристік ағымның ұлғайғанын білдіреді. Потенциалы өте жоғары. Үндістанның тұрғындары Қазақстанға Алматыдағы тауларды көруге келеді», - деп қосты Прабхат Кумар.

IMG_3743.jpg

15-19 тамыз аралығында «Нұр-Сұлтанда Үндістан күндері» апталығы өтеді. Кеше елшінің резиденциясында Үндістан Тәуелсіздігінің 73 жылдығына орай Үндістанның мемлекеттік туы көтерілді.

IMG_3736.jpg


Өзгелердің жаңалығы