Үндістанда су спорты түрлерінен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты басталды

25 Қыркүйек 2019, 04:30
1629
Бөлісу:
Үндістанда су спорты түрлерінен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанның Бенгалуру қаласында су спорты түрлерінен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты басталды деп жазады Olympic.kz. 

Су добынан Қазақстанның жасөспірімдер командасы қытайлықтарды 13:7 есебімен ұтты. Бұл бәсекеде Жапония, Шри-Ланка, Өзбекстан, Үндістан және Иран командалары бар.  Ал Қазақстан қыздар командасы қытайлық ватерполшыларды 10:9 есебімен жеңді.

Қыздар арасында Үндістан, Қытай, Жапония, Шри-Ланка, Өзбекстан құрамалары жүлдеге таласуда.  Сондай-ақ, синхронды жүзуден бәсекелер басталды. Микст-дуэтте Эдуард Ким мен Жаклин Якимова жеңімпаз атанды. 

Бұдан басқа, қазақстандықтар фигура, соло, дуэт, микс-дуэт, топтық жаттығу, аралас және акробатикалық топтық сында өнер көрсетеді. 

Азия біріншілігі 3 қазанға дейін жалғасады. 


Өзгелердің жаңалығы