Үндістанда оқу жылы бір айдан кейін басталуы мүмкін

2 Қыркүйек 2020, 19:00
1288
Бөлісу:
Үндістанда оқу жылы бір айдан кейін басталуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ7 Үндістанда оқу жылының басталуы  бір айға кейінге шегерілді. Бұл туралы 24.kz жазды. 

Елдің Білім беру министрлігі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанбаса,  оқу жылының қазанда да басталмауы мүмкін екендігін хабарлаған. Үндістанда дәл қазір коронавирус өршіп тұр. 

Ел билігі қашықтан оқуға бел буған, алайда ата-аналар қарсылық білдірген. Себебі, компьютер мен смартфондар сатып алуды көбінің қалтасы көтермейді. Ұстаздар болса оқу жылының кеш басталуын құп көрмейді.

Жылпы Үндістанда білім беру саласында проблема көп. Оқушылар тегін біліммен қамтамасыз етілгенімен, білім сапасы көпшілік көңілінен шықпайды. Мұнда әр сыныпта кемі 50 бала оқиды екен.
Өзгелердің жаңалығы