Үндістанда бір тәулікте 10,9 мың адамнан вирус анықталды

12 Маусым 2020, 13:50
1477
Бөлісу:
Үндістанда бір тәулікте 10,9 мың адамнан вирус анықталды

Алматы, BAQ.KZ. Соңғы тәулікте Үндістанда 10,9 мың адамнан коронавирус анықталып, жалпы вирус жұқтырғандардың саны 297 535 адамға жеткен. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, Үндістан вирус жұқтыру бойынша Ұлыбритания, Италия және Испанияны артқа қалдырып әлем бойынша төртінші орыннан көрінген.

Қазіргі таңда елде 141 842 адам ем қабылдап жатыр, 147 194 науқас жазылып шыққан, көз жұмғандар саны 8 498 адам. Соңғы тәулікте 6166 адам жазылып шықса, 396 науқас бақилық болыпты.

Негізінен елдің орталығында орналасқан Махараштра штаты қатты зардап шеккен, онда вирус 97 648 адам вирус жұқтырған. Екінші орында Тамилнад штаты тұр - 38 716 адам, үшінші орында 34 687 науқаспен Дели аймағы тұр.
Өзгелердің жаңалығы