Үндістанда ауа тазарып, Гималай көріне бастады

9 Сәуір 2020, 20:10
1867
Бөлісу:
Үндістанда ауа тазарып, Гималай көріне бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанның солтүстік-батысындағы Пенджаб штатында адамдар 100 мильден астам қашықтықтан Гималайды көре бастады, деп жазады CNN ақпарат агенттігі.

Жаландхар қаласындағы және оның маңайындағы елді мекендердің халқы әлеуметтік желілерде көз ұшында көрінген Гималайдың суреттерін жариялап, 30 жыл ішінде алғаш рет осылай айқын көрініп тұрғанын жарыса жазуда.

Бұл құбылыс коронавирус індетіне байланысты елде енгізілген карантиннің әсерінен болып отыр. Халықтың қоғамдық орындардан оқшаулануынан соңғы аптада ауа сапасының күрт жақсарғаны байқалған.  Төтенше жағдай кезінде өнеркәсіп орындары жұмысын тоқталып, көшелерде көлік ағыны тыйылып, ұшақтардың рейстері де шегерілген.

Үндістандағы қоршаған ортаның ластануын бақылайтын орталық кеңесі Делиде шектеулер енгізілген алғашқы күннен бастап-ақ ауаның ластануы 44%-ға төмендегенін анықтаған. Есепте елдің жалпы 85 қаласында ауаның тазара бастағаны көрсетілген. Ал Гималайдан 100 мильдей қашықтықта орналасқан Жаландхарда карантиннің 17-інші күнінде ауа сапасы тіптен жақсара түскен.

Бүгінгі таңда Үндістанда Covid-19 індетіне ұшыраған 6 мыңға жуық жағдай анықталып, 178 адам қаза тапқан.

Өзгелердің жаңалығы