Үндістан мен Бангладеште циклоннан 14 адам қаза тапты

21 Мамыр 2020, 14:41
1603
Бөлісу:
Үндістан мен Бангладеште циклоннан 14 адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Амфан соңғы жылдардағы Бенгал шығанағындағы ең қуатты дауыл. Жел екпінінің максималды жылдамдығы 265 км/с жетеді. Үндістанның шығысы мен Бангладеште Амфан циклонының күшті соққысынан кемінде 14 адам қаза тапты. Мыңдаған үй қираған, деп хабарлайды Интерфакс.

Үндістанның халқы тығыз қоныстанған Батыс Бенгалия штаты циклонның негізгі соққысы астында қалғаны хабарланған. Штаттың оңтүстік бөлігі тұтас зардап шекті. Шығынды толық бағалауға үш-төрт күн кетеді. Циклон электр қуатына әсер етіп, бірқатар үй, көпір және жағалауларды қиратты. Біз COVID-19 келтірген шығыннан да үлкен шығынға, қирандыға тап болдық, – деп мәлімдеді Батыс Бенғалияның бас министрі Мамата Банерджи баспасөз мәслихаты барысында.

Ол өз штатында кем дегенде 10 адам қаза болғанын растады. Шенеуніктердің айтуынша, көрші Бангладеште кемінде төрт адам мерт болған.
Үндістанның ұлттық табиғи апаттарға әрекет ету қызметі Батыс Бенгалия мен Орисса штаттарынан 450 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілгенін мәлімдеді. Бангладеште билік 2 млн-нан астам тұрғынды қауіпсіз жерге көшірген. 

Метеорологтардың мәліметтері бойынша, Амфан соңғы жылдары Бенгал шығанағындағы ең қуатты дауыл болып саналады, дауылды желдің жылдамдығы 265 км/с жетеді. Ол 1999 жылы Орисса жағалауына түсіп, 9 мыңнан астам адамның өмірін қиған суперциклон дәуірінен бергі Бенгал шығанағындағы алғашқы суперциклон дауылына айналады.



Өзгелердің жаңалығы