Назым Қызайбай Азия чемпионатында жартылай финалға шықты

7 Қараша 2022, 23:23
8210
Бөлісу:
Назым Қызайбай Азия чемпионатында жартылай финалға шықты

Иордания астанасы Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Назым Қызайбай жартылай финалға шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай 50 келіге дейінгі салмақта ширек финалда моңғолиялық Мунгунсаран Балсанмен кездесті.

Бәсеке өте қызу өтті. Төрешілердің есебінше, бірінші раундта моңғолиялық боксшының басымдылығы байқалды. Екінші кезеңде Назым қарқынды күшейтіп, таразы басын өзіне аударды. Қазылардың қорытынды есебі – 3:2, Қызайбайдың пайдасында.

Осылайша, Назым Қызайбай да жүлдегерлер қатарына қосылды.

Бүгін кешкі сессияда тағы үш қазақстандық боксшы жүлде үшін таласады.

Өзгелердің жаңалығы