Назарбаевтың портреті. Елбасының тұлғасын тереңірек түсінуге бағытталған туындылар коллекциясы

30 Қараша 2021, 16:35
2573
Бөлісу:
Назарбаевтың портреті. Елбасының тұлғасын тереңірек түсінуге бағытталған туындылар коллекциясы
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде 10 жылдан бері 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні тойланып келеді. Мерекеге орай елімізде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тұлғасын тереңірек түсінуге бағытталған түрлі іс-шаралар өткізіледі.

Сондай іс-шараның бірі – «Тұлғаның тылсым сыры» қор көрмесі. Оны Тұңғыш Президент – Елбасы кітапханасы ұйымдастырды.

Назарбаевтың портреті. Елбасының тұлғасын тереңірек түсінуге бағытталған туындылар коллекциясы

BAQ.KZ журналистері көрмеге қойылған туындылардың қыр-сырымен танысып қайтты. Тұңғыш Президент – Елбасы кітапханасы Экскурсия жұмысы қызметінің жетекшісі Құмар Жүнісов экскурсия барысында 40-тан астам туындыны таныстырды.

Көрме Елбасы кітапханасының музей коллекциясындағы бейнелеу өнерінің туындылары мен ыдыс-аяқтар топтамаларының «портреттер» тақырыптық тобынан дайындалды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орайластырылған іс-шара Н.Ә.Назарбаевтың тұлғасын тереңірек түсінуге бағытталған.

Назарбаевтың портреті. Елбасының тұлғасын тереңірек түсінуге бағытталған туындылар коллекциясы

Көрмедегі Нұрсұлтан Назарбаевтың феномені қазақстандық жолдың жетістігін айқындайды. Сондықтан да оның өмірі мен қызметі зерттеушілердің, журналистердің, жазушылардың басты назарында.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының жеке басының ерекшелігін әрдайым атап өтеді, өйткені әрбір ұрпақ мемлекеттің қалыптасуына қандай оқиғалар ықпал еткенін және тәуелсіздікті құрудың артында кім тұрғанын есте сақтауы тиіс.

Назарбаевтың портреті. Елбасының тұлғасын тереңірек түсінуге бағытталған туындылар коллекциясы

Уақытша қор көрмесіне Елбасыға шетелдік көшбасшылар, белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері сыйға тартқан портреттердің шағын бөлігі қойылған. 

Олар көркем және сәндік-қолданбалы өнердің бірегей авторлық техникалары мен жанрларында түрлі материалдардан: тас, әйнек, балық терісі, тас үгінділері, табиғи теңіз құмы, шілтер сым, күріш, тары, фарфордан жасалған туындылар.

Назарбаевтың портреті. Елбасының тұлғасын тереңірек түсінуге бағытталған туындылар коллекциясы

Бір қарағанда жай ғана портрет сияқты. Бірақ бұл картиналардың әрқайсысының өз сыры бар. Мысалы, құмнан жасалған. Вьетнамдық кескіндемеші бір күні жағалауда отырып, құмды сеуіп отырады. Кейін құмның бірнеше түсін көріп, осындай өнер туындыларын жасауға болатынын түсінеді. Ол кәсіби суретші емес, - деді Құмар Жүнісов.

Назарбаевтың портреті. Елбасының тұлғасын тереңірек түсінуге бағытталған туындылар коллекциясы

Бұл картиналардың бірін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға берген.

Көрмеде 40-тан астам туынды бар.

Назарбаевтың портреті. Елбасының тұлғасын тереңірек түсінуге бағытталған туындылар коллекциясы

Көрмеге классикалық жанрда жазылған жұмыс та қойылған. Оны Қытайдың Қазақстандағы елшісі сыйға берген.

Сонымен қатар Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмоннан да сыйға тартылған портрет бар. Бұл жұмыс мәрмәрдан флоренциялық мозайка техникасымен жасалған. Одан бөлек, янтарь тасынан жасалған картина да бар. Тас үгінділері мен сынық тастардан жасалған жұмыстар да көрмеге қойылған, - деп таныстырды Елбасы кітапханасының маманы.

Назарбаевтың портреті. Елбасының тұлғасын тереңірек түсінуге бағытталған туындылар коллекциясы

Қазақстандық әлемге танымал суретші-кескіндемеші Ерболат Төлепбайдың қоладан жасаған мүсіні де бар.

Қытайлық дәстүрлі графикада жасалған портретті де тамашалауға болады. Бұл - Қытайдың бұрынғы басшысы Ху Цзинь Таодан келген сыйлық.

Назарбаевтың портреті. Елбасының тұлғасын тереңірек түсінуге бағытталған туындылар коллекциясы

Одан бөлек, әлеуметтік желіде кең таралып кеткен Армения басшысының жеке фотографы Давид Акопян түсірген фото да көрменің сәнін келтіріп тұр.

Назарбаевтың портреті. Елбасының тұлғасын тереңірек түсінуге бағытталған туындылар коллекциясы

Ол саммиттердің бірінде өз басшысын камера объективіне аламын деп, Елбасыны түсіріп алған.

Көрмеде қазақстандық авторлардың да туындары қойылған. Сонымен қатар жібек жібінен кестелеу арқылы жасалған картина да бар. Ол да қазақстандық тұрғындарымыздан келген сый.

Назарбаевтың портреті. Елбасының тұлғасын тереңірек түсінуге бағытталған туындылар коллекциясы

Ал мына туынды жай ғана бояу сияқты. Дегенмен жібек матаға жібек жіптермен тоқылған картина. 2000 жылдан бері бұл техникамен кестелер Қытайдың провинциясында жасалып келеді. Оны тоқыған кезде сурет екі жағына бірдей түседі, - дейді Құмар Жүнісов.
Ресейлік суретшінің балық терісінен жасаған туындысы да көрмеге қойылған. Суретші картинаны бекіре балығының терісінен жасаған.

Назарбаевтың портреті. Елбасының тұлғасын тереңірек түсінуге бағытталған туындылар коллекциясы
Мына картинаны Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон берген. Бұл тәжіктердің дәстүрлі ою-өрнегінен жасалған. Ең алдымен суретші сыммен ой-өрнектерінің контурын жасап алады, кейін оған эмаль құяды. Ол кундал деген техника арқылы шыққан туынды, - деді экскурсовод.

Назарбаевтың портреті. Елбасының тұлғасын тереңірек түсінуге бағытталған туындылар коллекциясы

Назарбаевтың портреті. Елбасының тұлғасын тереңірек түсінуге бағытталған туындылар коллекциясы

Сонымен бірге голландиялық суретшінің жұмысын да кездестіруге болады. Өздеріңіз білетіндей, Голландияда қызғалдақ Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен аталған. Осыған орай қызғалдақтың сорты мен Елбасы бейнеленген туынды жасалған.

Назарбаевтың портреті. Елбасының тұлғасын тереңірек түсінуге бағытталған туындылар коллекциясы

Бұл - қазақстандық белгілі суретші Сәрсенбаевтың туындысы. Ол Қызылорда өңірінің басты байлығы - күріштен жасалған.

Өзгелердің жаңалығы