Назарбаев Зияткерлік мектептері ЮНЕСКО сыйлығын жеңіп алды

11 Қазан 2019, 18:25
2016
Бөлісу:
Назарбаев Зияткерлік мектептері ЮНЕСКО сыйлығын жеңіп алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Назарбаев Зияткерлік мектептері ЮНЕСКО-ның Wenhui Award сыйақысын жеңіп алды. Білім саласында берілетін мұндай жоғары деңгейдегі марапатты Қазақстанда ешқандай ұйым алған емес.

«Қазақстан, Қырғыстан, Тәжікістан және Өзбекстан бойынша ЮНЕСКО-ның кластерлік бюросының атынан өзімнің «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына деген жоғары құрметімді білдіріп, асқан қуанышпен – Сіздердің ұйымдарыңыздың ЮНЕСКО Wenhui Award 2019 сыйақысын жеңіп алғандарыңызды хабарлаймын», – делінген Алматыдағы кластерлік бюро директоры Криста Пикаттың «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының төрайымы Күләш Шәмшидиноваға жолдаған хатында.

Wenhui Award университет пен мектеп арасындағы «Білім–2030» жобасын ілгерілету жолындағы серіктестікті дамытуға бағытталған.

ЮНЕСКО сыйақысы қазақстандық инновациялық мектептерге сапалы білім мен өмір бойы білім алуға ықпалдасатын университеттер мен мектептер арасындағы табысты серіктестік үшін, балалар мен жастарды өмірге, жұмысқа және жаһандық азаматтыққа бейімдеу жолындағы еңбек үшін беріледі.

Финалдық кезеңнің номинанттарының арасында Австралия, Қытай, Малайзия және Шри-Ланка елдерінің беделді университтері болды.

Өзгелердің жаңалығы