Назарбаев Қызыл алаңдағы әскери парадқа қатысты

9 Мамыр 2019, 15:50
2122
Бөлісу:
Назарбаев Қызыл алаңдағы әскери парадқа қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74 жылдығына арналған әскери парадта болды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі мәлімдеді. 


Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеу қаласындағы Қызыл алаңда Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 74 жылдығына арналған әскери парадта құрметті қонақ ретінде болды. 

Назарбаев Қызыл алаңдағы әскери парадқа қатысты

Парад басталмас бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қошемет білдірді. 

Парад барысында 35 жауынгерлік есептоптар, 130-дан астам заманауи үлгідегі әскери техника, 13 мыңнан астам әскери қызметшілер сап түзеп өтті.

Өзгелердің жаңалығы