Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Университет әкімшілігі бұл жағдай бақылауда екенін хабарлады, деп хабарлайды BaQ.KZ.
NU жатақханаларының бірінде болған қайғылы оқиғаға байланысты өкінішпен хабарлаймыз. Қаза тапқан бойжеткеннің туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, шын жүректен көңіл айтамыз. Қазіргі таңда бұл жағдай бақылауда: жедел шаралар жүргізіліп жатыр, құқық қорғау органдары мен психологтар жұмыс істеп жатыр. Университет атынан моральдық және материалдық көмек көрсетіп жатырмыз, – делінген жарияланған хабарламада.