Назарбаев университетіне бақылау жүргізу үшін заңды өзгертіп жатырмыз – министр

17 Мамыр 2023, 16:11
832
Бөлісу:
Назарбаев университетіне бақылау жүргізу үшін заңды өзгертіп жатырмыз – министр
Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Елдегі Назарбаев университетін бақылауға алу үшін тиісті заңға өзгертулер енгізіліп жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мәжілісте өткен Үкімет сағатында мәлімдеді.

Білесіздер, Назарбаев Университеті бөлек өзінің заңымен реттеледі. Оның басқару жүйесі шыны керек, өте күрделі екен. Өзіміз енді-енді түсініп жатырмыз. Жоғары қамқоршы кеңес, үш қамқоршы кеңес, Назарбаев қоры бөлек, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» бөлек, Назарбаев университеті өзі бір бөлек. Оның қамқоршы кеңесінің үстінен тағы бір қамқоршы кеңес қарайды. Мен қазіргі таңда министр ретінде қамқоршы кеңестің мүшесі де емеспін. Неге десеңіздер, мені (қамқоршылық кеңеске – ред.) кіргізу үшін заңды өзгертуіміз керек, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Айтуынша, заңға өзгерістер енгізу жұмысы қолға алынған.

Үкімет деңгейінде қазір сол заңға тиісті өзгерістер енгізіліп жатыр. Күрделі процесс. Шын мәнінде қомақты қаржыландыру былай қарасаңыз, жоғары білімнің даму бюджеті бір университетке берілді. Біздің көкейімізде: «Осы 10-13 жылда берілген бюджет біздің жоғары оқу орындарымызға берілген жағдайда қандай нәтиже болар еді?» деген сұрақ бар. Сол үшін заң өзгерген жағдайда біз ақырындап бақылауға аламыз, - деді Саясат Нұрбек.

Өзгелердің жаңалығы