Назарбаев көшесіндегі өрттің неден шыққаны белгілі болды

2 Тамыз 2019, 15:45
1799
Бөлісу:
Назарбаев көшесіндегі өрттің неден шыққаны белгілі болды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы Назарбаев даңғылында болған өрт сөндірілді. Бұл туралы Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

«2 тамыз күні сағат 11:58 кезінде Алматы ТЖД-нің «101» қызметіне қаладағы Алмалы ауданы Назарбаев даңғылы 43 үйде өрт болып жатқаны туралы хабарланды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минут өткенде, яғни сағат 12:04 кезінде келді. Анықталғандай үйдің төбесін жөндеу кезінде ашық от қолданылған, нәтижесінде бесқабатты үйдің 10 шаршы метрі өртке оранды. Өрт сағат 12:31 кезінде өшірілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деді Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінде. 

Өрттің шығуына мердігер компанияның өрт қауіпсіздігін сақтамауы себеп болған. Үйдің төбесіндегі битумды қыздыру үшін ашық от қолданылған, бұл өте өрескел бұзушылық болып табылады. Мердігер компания әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Өзгелердің жаңалығы