Жаңа заң күшіне енген соң Назарбаев әулетінің шетелге заңсыз шығарылған активтерінің «тағдыры» шешілуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
БАҚ өкілдері қойған бұл сұраққа Бас прокурордың орынбасары Ұлан Байжанов Сенаттың кулуарында жауап берді.
Айтуынша, азаматтардың жеке деректері құпия сақталады. Бірақ заңда Бас прокуратураның тексерісіне алынатын субъектілердің алғышарттары нақты жазылған.
Егер осы әулеттің отбасы мүшелері сол алғышарттарға сәйкес келсе, оларға заңның күші болады, - деп жауап берді Ұлан Байжанов.
Еске сала кетейік, бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Заңсыз иемделген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң жобасын мақұлданған болатын.