Назарбаев әулеті қарапайым отбасыға теңестірілді

13 Қаңтар 2023, 11:08
1557
Бөлісу:
Назарбаев әулеті қарапайым отбасыға теңестірілді
Фото: 29.ru

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев әулеті қарапайым отбасыға теңестірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Заң қабылданғаннан кейін Назарбаевтың әулеті қарапайым азаматтармен теңестіріле ме? – деп журналистер депутат Айдос Сарымнан сұрады.

Мәжіліс депутаты журналистердің сұрағына былай деп жауап берді.

Теңестірілді. Бірінші Президент – Елбасы заңда көрсетілгендей барлық экс-президентке тән нормаларға ие болады, - деп айтты депутат Парламент Палаталарының кеңестілген отырысынан кейін.

Яғни бұл дегеніміз барлық экс-президентке тән заң шеңберінде қорғалады. 

Бұл нормалармен сіз бен біз сияқты барлық қазақстандық өмір сүріп жатыр. Өйткені ол барлық адамға бірдей қатысты, - деп түсіндірді ол.

Бүгін Мәжілісте Парламент Палаталарының бірлескен отырысының күн тәртібінде «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы қабылданды.

Өзгелердің жаңалығы