Найзағай, жел, тұман. Төрт облыста ескерту жарияланды

27 Сәуір 2021, 22:40
2119
Бөлісу:
Найзағай, жел, тұман. Төрт облыста ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 28 сәуір күнгі ауа райына байланысты Қазақстанның бірнеше өңірінде ескерту жариялады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл болуы мүмкін. Батыстан 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі. Кей жерлерде батыстан секундына 15-20 метрге дейін жел соғады.

Ақмола облысында оңтүстік-батыстан, батыстан секундына 15-20 метр жел соғады. Түнде және таңертең кей жерлерде найзағай болуы мүмкін.

Қызылорда облысында күндіз жел оңтүстік-шығыстан соғады. Жел екпіні кей жерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Айта кетейік, алдағы күндері Қазақстанның кейбір облысында 38 градусқа дейін аптап ыстық болатыны хабарланаған еді.

Өзгелердің жаңалығы