Найзағай, бұршақ: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды

Бірқатар батыс, оңтүстік және орталық өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

 depositphotos.com 28 Тамыз 2026, 04:19
28 Тамыз 2026, 04:19
172
Фото: depositphotos.com

«Қазгидромет» бүгін, 28 тамызда Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жариялады. Бірқатар өңірде найзағай, бұршақ, екпінді жел мен тұман болжанса, кей аймақтарда шаңды дауыл мен аптап ыстық күтіледі.

Ақмола облысында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік пен шығыста қатты жаңбыр, ал күндіз бірқатар ауданда бұршақ күтіледі. Жел екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел болжанған. Жел екпіні 15–20 м/с болады. Петропавлда түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін.

Қарағанды облысында жаңбыр, найзағай және бұршақ, түнде және таңертең тұман күтіледі. Қостанай және Павлодар облыстарының кей бөлігінде де жаңбыр мен найзағай болжанып отыр.

Қызылорда облысының орталығында күндіз шаңды дауыл тұрып, жел екпіні 15–20 м/с-қа жетуі мүмкін.

Ал Алматы және Жетісу облыстарында күндіз ауа температурасы +35°C-қа дейін көтеріледі. Жетісу облысындағы Алакөл маңында жел 15–20 м/с жылдамдықпен соғады.

Ұлытау, Маңғыстау және Жамбыл облыстарының кей аудандарында да жел күшейеді. Бірқатар батыс, оңтүстік және орталық өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Наверх