Ел Президенті сайлаудың бұрын соңды болмаған жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті

26 Тамыз 2026, 19:31
АВТОР
 Ақорда 26 Тамыз 2026, 19:31
26 Тамыз 2026, 19:31
208
Фото: Ақорда

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 23 тамызда өткен Құрылтай сайлауын ұйымдастыруға қатысты өз бағасын берді.

Республикалық Тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөз сөйлеген Президент сайлау процесін ұйымдастырудың айрықша жоғары деңгейде болғанын атап өтті.

«Осыдан бірнеше күн бұрын алғашқы Құрылтай сайлауы өтті. Ал кеше оның нәтижелері шықты. Бұл өте маңызды саяси науқан, саяси іс-шара деп те айтуға болады, шын мәнінде, бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Осы істе Орталық сайлау комиссиясы үлкен рөл атқарды. Сайлау үдерісіне дұрыс шешімдер, соның ішінде жасанды интеллект технологиясы енгізілуде. Мұндай әдіс-тәсілдер науқанның сапасын арттыра түсті», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ Құрылтайдың алғашқы сайлауына халықаралық қоғамдастық тарапынан да жоғары қызығушылық болғандығын баса айтты.

«Сондай-ақ сайлауға шетелдік байқаушылар тарапынан да қызығушылық жоғары болды. Халықаралық қауымдастық сайлау нәтижесін мойындады, оның ұлттық заңнамаға және барлық талаптарға сай өткенін атап өтті. Мен бүгін Конституцияның 46-бабына сәйкес бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойдым. Алқалы жиын 28 тамыз күні болады. Оған дейін Құрылтайға өткен партиялар депутаттардың тізімін әзірлеуге тиіс», - деп атап өтті ел Президенті.

 

 

Наверх