Навальныйдың сотталуы Қазақстанға әсер ете ме? ЕАЭО өкілі жауап берді

4 Ақпан 2021, 19:51
1440
Бөлісу:
Навальныйдың сотталуы Қазақстанға әсер ете ме? ЕАЭО өкілі жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының интеграция және макроэкономика жөніндегі мүшесі Сергей Глазьев Ресейге қарсы санкциялардың ЕАЭО елдеріне ықтимал әсері туралы пікір білдірді.

Навальныйдың сотталуынан кейін батыс елдері тарапынан Ресейге санкциялар көбейетіні анық. Енді бұл жағдай Еуразиялық одаққа мүше елдерге де әсер етеді. Осындай сәтте қандай іс-шаралар қабылдау қажет?, - деп BAQ.KZ тілшісі ОКҚ-да өтіп жатқан баспасөз мәжілісінде сауал жолдаған болатын.

ЕАЭО мемлекет басшылары сауда, экономикалық одақтасу мәселелері бойынша санкция қолдануды сынға алған. Санкциялар құқықтық алаңнан өзге жерлерде ДСҰ нормалары мен ХВҚ жарғы ережелерін бұзатын дөрекі қателіктермен орын алып отыр. Жақында өткен Давос форумы әлемдік деңгейдегі іскерлік алаңында консенсус (дауыс берусіз ортақ шешімге келу) бар екендігін көрсетті және көп елдер сакциядан бас тартуды қолдайды.

Ресейге қарсы санкциялар Еуропалық Одаққа ойлағаннан да көп зиян келтірген шығар. Бұл – екі жақты қылыш секілді. Санкция жағдайында бес жыл өмір сүру біздің байланыс құрылымындағы өзгерістерді өсірді деп айта аламын. Қытаймен тауар айналымы жылдам өсуде. Еркін сауда аймақтары құрылуда. Үндістан және Иранмен келіссөздер жүріп жатыр. Яғни, іс жүзінде АҚШ бастап отырған санкцилардан ең алдымен Еуропа Одағы және біздің Еуропа Одағымен арадағы ынтымақтастығымыз зардап шегеді. Бірақ бұл проблемалар ынтымақтастықпен өтеледі, - деді Глазьев.
Оның айтуынша, «Санкциялар соғысы» жақын арада аяқталады. Барлық мемлекеттермен ынтымақтасуға дайынбыз деп отыр.
Орын алуы мүмкін жағдайларға жоспар дайын. Бүгінде ҚХР-мен белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Үлкен сауда-экономикалық келісім күшіне енді. Қазір серіктестер табуда қиындық жоқ. Бірге жұмыс істеуден бас тартқан серіктестер өздеріне теріс әсерін тигізеді, - дейді ЕАЭО комиссия мүшесі. 
Ал Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі алқа мүшесі Артак Камалянның айтуынша, санкциның пайдалы тұстары да бар деп санайды. 

Әрине, қазіргі жағдайда болып жатқан санкциялар ешкімге тиімді емес және біздің экономикамызға арналған сынақ. Бірақ оның да оң жағы бар екенін ұмытпауымыз қажет. Мысалы, Ресейдің қазіргі кездегі ауыл шаруашылығына, соның ішінде, мал шаруашылығына қарайтын болсақ, онда соңғы кезде оның тиімділігі байқалады. Тек саны жағынан ғана емес, сонымен қатар сапасы да көтеріліп келеді. Сондықтан бұл жағдайда экономиканың секторларындағы импорт алмастырумен айналысып, күшейе түсуіміз қажет, - деді Артак Камалян.

Раушан АРМАНҚЫЗЫ, Ұмсындық НАУРЫЗБАЕВА

Өзгелердің жаңалығы