Наурызда күн райы қандай болады

20 Ақпан 2024, 12:15
10464
Бөлісу:
Наурызда күн райы қандай болады
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында наурызда күн қандай болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ақпанның үшінші онкүндігінде синоптикалық болжам бойынша, елдің солтүстік бөлігінде ауа температурасы түнде -5 градустан -15 градусқа дейін, күндіз 0 градустан -7 градусқа дейін жоғарылауы күтіледі. Онкүндіктің екінші жартысында ауа температурасы -12 градустан -20 градусқа дейін, күндіз -3 градустан -12 градусқа дейін төмендейді деп болжанады, - деді министр.

Елдің оңтүстік бөлігінде үшінші онкүндікте ауа температурасының негізгі фоны түнде 0 градустан, -8 градусқа дейін, күндіз 0 градустан +8 градусқа дейін, онкүндіктің соңында ауа температурасының түнде 0 градустан +8 градусқа дейін, күндіз +5 градустан +15 градусқа дейін жоғарылауы болжанады.

Нысанбаевтың айтуынша, елдің басым бөлігінде жауын-шашын қар, елдің оңтүстігінде жаңбыр, ылғалды қар түрінде болады деп күтіліп отыр.

Консультативтік синоптикалық ауа райы болжамына сәйкес наурыз айында ауа температурасы елдің көп бөлігінде климаттық норма шегінде, елдің шығысында, оңтүстік-шығысында және оңтүстігінде климаттық нормадан 1 градус жоғары болады деп болжанады. Наурыз айында жауын-шашын мөлшері еліміздің басым бөлігінде нормадан артық, еліміздің оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде нормаға жақын болжанады, – деп түсіндірді Ерлан Нысанбаев.

Өзгелердің жаңалығы