Нығматулин: Наурыз - ынтымақтың, жаңару мен жақсылықтың символы

21 Наурыз 2020, 13:31
1875
Бөлісу:
Нығматулин: Наурыз - ынтымақтың, жаңару мен жақсылықтың символы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы қарсаңында барша қазақстандықтарға өзінің игі тілегін жеткізді. Бұл туралы ол Твиттердегі парақшасында жазды.

Наурыз мейрамы ежелден ізгілік пен ынтымақтың, жаңару мен жаңғырудың, достық пен сыйластықтың белгісі саналған. Күн мен түнді теңестіріп, тіршілікті жаңартқан Наурыз елімізге тыныштық, халқымызға молшылық, әрбір шаңыраққа шаттық әкелсін, - деп жазды Нұрлан Нығматулин.

Одан әрі Мәжіліс төрағасы қазір Қазақстан халқы үшін төзімділік пен жауапкершілік, сабырлық пен түсіністік танытатын сыни уақыт келгенін, осындай сәтте барлығымыз жұдырықтай жұмылып, бірге болуымыз керектігін атап өтті. Н.Нығматулиннің пікірінше, береке-бірліктің арқасында талай қиындықтардан аман-есен өткен еліміз, мемлекетімізде қалыптасқан қазіргі уақытша дүрбелеңді де бірлесіп жеңіп, өркениеттің жаңа белесін бағындыратынына сенім білдірді.
Өзгелердің жаңалығы