«Наурыз Шымкенттен басталады». Наурызда қалада 200 киіз үй тігіледі

27 Қаңтар 2023, 13:14
1882
Бөлісу:
«Наурыз Шымкенттен басталады». Наурызда қалада 200 киіз үй тігіледі

Наурыз мейрамына орай Шымкентте 200 киіз үй тігіліп, ауқымды іс-шара ұйымдастырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыс пен креативті индустрия басқармасының басшысы Ерлан Қыдыров мәлімдеді.

Биылғы іс-шаралар жоспары туралы ақпаратты бөлісті.

«Наурыз Шымкенттен басталады» ұғымын қалыптастырып жатырмыз. Наурызды ауқымды іс-шара ұйымдастырамыз. 200 киіз үй тігіледі. Қалада халықаралық стандарттарға сәйкес ипподром ашылды, - деп айтты Ерлан Қыдыров.

Басқарма басшысы кеңейтілген алқа отырысында жиынға қатысушыларды Шымкентке қонаққа шақырды.

Сонымен қатар биыл Шымкентте «Tourism Awards», «Mobilography Fest», «Ашық аспан», «Дәмдәсtour» және «Artisans of Shymkent» сияқты ауқымды іс-шаралар өтеді.

Өзгелердің жаңалығы