Наурыз мейрамында тамақтан уланбас үшін не істеу керек

22 Наурыз 2024, 10:31
646
Бөлісу:
Наурыз мейрамында тамақтан уланбас үшін не істеу керек
Фото: gov.kz

Денсаулық сақтау министрлігі наурыз көжесіз, етсіз, қазысыз, шұжықсыз, қуырдақсыз, сүт сусындарынсыз, салаттарсыз өтпейтін Наурыз мейрамын тойлау кезінде азаматтарға бірнеше кеңес берді.

Мерекелік іс-шаралар кезінде тамақтан уланудың және инфекциялық аурулардың алдын алу үшін бірнеше ережені есте сақтау қажет:

  • тағам өнімдерін дайындау және сату кезінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау қажет;
  • үйде дайындалған өнімдерді сатуға тыйым салу қажет;
  • сатушылар жеке гигиенаны сақтай отырып, арнайы киімде болуы,өнімді бір реттік ыдыста сатуы тиіс;
  • қалдықтарды жинау орындарын ұйымдастыру және оларды уақтылышығару керек.

Мектептер мен балабақшаларда:

  • Ата-аналар жұртшылығы менбілім беру объектілерінің әкімшілігітүсіндіру жұмыстарын жүргізуі,
  • талаптар менсақтау мерзімдері сақталмаған жағдайда улануға әкелуі мүмкін үйде жасалған өнімдерді тұтынуға тыйым салу қажет.
Өзгелердің жаңалығы