Наурыз мейрамына арналған қазақша куиз өтті

20 Наурыз 2024, 15:02
2364
Бөлісу:
Наурыз мейрамына арналған қазақша куиз өтті
Фото: Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы

Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Наурыз мейрамына орай мемлекеттік, құрылымдық және бюджеттік мекеме қызметкерлері арасында «Қазақша Quiz» интеллектуалды сайысын ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Куиз ойынының мақсаты – қазақ халқының тарихын, ғылымын, өнерін, әдеби мұраларын насихаттау, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту.

Сайысқа 17 мекеме, яғни Астана қаласының Қаржы басқармасы, Жастар саясаты мәселелері басқармасы, Дін істері жөніндегі басқарма, Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы, Мониторинг және жедел әрекет ету орталығы, «Астана innovations» акционерлік қоғамы, Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаменті,  Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті, «Астана қалалық жарық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Теплотранзит» акцинерлік қоғамы, «Астана-Энергия» акционерлік қоғамы, Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қуыршақ театры,  Жастар театры, «№32 мектеп-гимназияның ойыншылары қатысты.

Қатысушы командалар «Наурыз» тест, «СӨЗЖҰМБАҚ» кроссворд туры, «ҮШ СУРЕТ» МЕДИА ТУРЫ, «ӘН СӨЗІ», «ҚАЗАҚ КИНОСЫ»,  «ОЙЛАН ТАП» турлары бойынша сынға түсті.

Нәтижесінде І орынды «Мәмбетов мектебі» (Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры), ІІ орынды «Елім-ай» тобы («Астана қалалық жарық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі), ІІІ орынды «Тұран» тобы («Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі) иеленді.

Сайысқа қатысушылар дипломдармен, алғысхаттармен және сыйлықтармен марапатталды.

Өзгелердің жаңалығы