Наурыз мейрамы. 40 мейрамхана өздерінің үздік тағамдарын ұсынады

13 Наурыз 2019, 19:44
4391
Бөлісу:
Наурыз мейрамы. 40 мейрамхана өздерінің үздік тағамдарын ұсынады

Алматы, BAQ.KZ. Биылғы жылы өтетін күн мен түннің теңелу мерекесінде әркімнің-ақ қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татуына болады. Баршаға дәстүрлі мерекелік тағамдар  - көже мен бауырсақ таратылады.  

Наурыз мерекесінде қала тұрғындарын дәмді көжемен тойдыруға Алматы қаласының пәтер иелері коперативтері де атсалысатын болды. Науқан мереке кезінде, яғни 22 наурыздан бастап, тура бір айға, 21-ші сәуірге дейін жалғасады. Жоспар бойынша барлығы 60 тонна көже мен бауырсақ таратылады деп жоспарлануда.

Міндетті дәм татулардан өзге, қаланың жеті ірі аймағында халық серуендері өтеді. Онда келушілер ұлттық дала асханасының өзге де тағамдарынан дәм тата алады, Алматының 40 мейрамханасы өздерінің үздік фирмалық тағамдарын ұсынатын көше бұрыштарын ұйымдастырады. Мейрамханалар арасында көпұлттық тағамдарды даярлауды кәсіп еткендер де болады. 

Айта кетсек, мерекелік күндер наурыздың 21-нен 24-не дейін жалғасып, Алматыны ашық аспан астында өтетін фестиваль үлгісіндегі мерекемен баурап алады. 

Еске сала кетейік, халық серуендері қаланың 7 жерінде қатар өтеді: 
22,23 – Астана алаңында;
21-24 – Панфилов, Жібек жолы көшелерінде;
22 -  «Halyk Arena» Мұз сарайында;
22 наурызда –  «Алматы Арена» Мұз кешенінде; 
22 наурызда -  «Атакент» ҚІЫО;
23 наурызда - «Сұңқар» Халықаралық трамплиндер кешенінде.

Өзгелердің жаңалығы