Наурыз мерекесінен кейін балалар коронавируспен көп түсті – дәрігер

20 Сәуір 2021, 14:27
2051
Бөлісу:
Наурыз мерекесінен кейін балалар коронавируспен көп түсті – дәрігер

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Айнұр Уәлиева онлайн брифингте айтты.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда қалалық стационарда 71 бала ем алуда, оның ішінде 1 жасқа дейінгі - 20 бала, 1-4 жастағы - 17, 5-14 жастағы -24, 15-18 жастағы – 10 бала бар.

Біз балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына эпидкөрсеткіштер бойынша, егер отбасының барлық мүшелері ауырса және клиникалық көріністер болған жағдайда ауруханаға жатқызамыз. Ауруханаға жатқызылған балалардың саны ондағы орынның 30%-35% -нан аспайды. Балалар арасында коронавирустық инфекцияның өсуі Наурыз мерекелерінен кейін және сәуірде байқалды. Наурыздың 2 аптасында - 72 бала, сәуірде - 176 бала емделді,-деді ол.

Сонымен қатар ол 1-10 сәуір аралығында 139 бала, 11-19 сәуір аралығында 107 бала емделіп шыққанын айтты.

Эпидемиологиялық анамнезді жинау кезінде үй жағдайында белгіленеді. Яғни балалардың инфекциясы бір отбасының ересектерімен тығыз байланыста болады. Біз балалар жаппай ауыра бастады, коронавирустық инфекция балалар арасында эпидемиологиялық сипатқа ие болды деп айта алмаймыз. Балалар арасында аурушаңдықтың өсуі ересектер арасында да аурушаңдықтың өсуімен тікелей байланысты. Қазіргі сәтте біздің ауруханада ауыр ағымды балалар жоқ. Көп жағдайда ауру асимптоматикалық болып табылады. SARS - коронавирустық инфекцияның клиникалық ағымы мен нәтижелері балаларда анағұрлым қолайлы,-деді дәрігер.

Оның айтуынша, стационарға жеткізілген клиникалық белгілері бар науқас балалардың жағдайы жеңіл және кейбір жағдайларда орташа ауыр формада 10%-дан аспайды. Мұның себебі бірдей, берілудің негізгі жолы - ауа тамшылары.

Адамдар көп жиналатын жерлерге барған кезде жұқтыру қаупі жоғары екенін есте ұстаған жөн, сондықтан бәріміз бұрынғыдай алдын алу шараларын сақтауымыз керек және балаларымызға да осыны үйретуіміз керек, - дейді Айнұр Уәлиева.



Өзгелердің жаңалығы