Наурыз мерекесі: Павлодарда 600-ден астам шара ұйымдастырылады

3 Наурыз 2023, 15:16
821
Бөлісу:
Наурыз мерекесі: Павлодарда 600-ден астам шара ұйымдастырылады
Фото: stan.kz

Ертіс өңірінде Наурыз мерекесіне орай 600-ден астам шара ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі. 

Сала мамандарының хабарлауынша, ұлттық мейрамды атап өту ортақ тұжырымдамаға сай өткізіледі. Тойлау тұжырымдамасы – еліміздегі бейбітшілік пен келісімді нығайту, мәдени-рухани құндылықтар мен ұлттық сананы қалыптастыру.

Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Медет Тауасқановтың айтуынша, Әз Наурызды тойлау 14 наурызда бастау алады.

Наурыз айында қайырымдылық, экология, аға ұрпақта қастерлеу, ұлттық тағамдарды таныстыру бағытындағы шаралар көптеп ұйымдастырылады. Көпшілік іс-шаралардың басым бөлігі 21-22 наурызда өтеді. Ұлттық спорттық жарыстар, мәдени шаралар өткізіледі деп күтілуде. Қала-аудандардың орталық алаңдарында 200-ге жуық киіз үй тігіледі. Наурыз мейрамын өткізуге үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени бірлестіктер, жастар және ардагерлер ұйымдарының белсенділері атсалысады. Облыс орталығында 35 киіз үй бой көтереді. Мәдени шаралар 16 шағын ауданда өтеді, - дейді Медет Тауасқан. 

Мәдени мекемелер мен өзге ғимараттарды мерекелік тақырып бойынша безендіру де 14 наурызда басталмақ. 

Өзгелердің жаңалығы