"Наурыз көжені бөлісіп, жылы сөздер айтады". Корея елшісі қазақстандықтарды мерекемен құттықтады

20 Наурыз 2024, 17:45
471
Бөлісу:
"Наурыз көжені бөлісіп, жылы сөздер айтады". Корея елшісі қазақстандықтарды мерекемен құттықтады
Фото: Артём Чурсинов

Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісі Чжо Тэ-ик қазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

22 наурыз - Қазақстандағы ең үлкен мереке Наурыздың басталуы. Сіздерді Корея Республикасының өкілі ретінде Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Наурыз мейрамы құтты болсын! – деп дипломат өзінің құттықтауын жолдады.

Чжо Тэ-ик атағандай, наурыз - көктемнің алғашқы айы. Қазақстан тұрғындары үшін Наурыз - Жаңа жыл мерекесі.

Осы күннің құрметіне Қазақстан тұрғындары еліміздің түкпір-түкпірінен отбасы және туыстарымен кездесіп, дәстүрлі наурыз көже тағамын бөлісіп, бір-біріне жылы сөздер айтады деп естідім. Бұл маған біздің Ай күнтізбесі бойынша тойлайтын Жаңа жыл мерекесін еске түсіре жақындастық сезімін оятады. Осы айтулы Наурыз мерекесіне орай мен бүкіл Қазақстан халқына және Қазақстанда тұратын Корея Республикасының азаматтарына зор денсаулық, бақыт және жаңа жылда тілектердің орындалуын тілеймін, - деп жылы лебізін білдірді Оңтүстік Корея елшісі.

Өзгелердің жаңалығы