Наурыз мерекесіне орай алып тиін безендіріледі

5 Наурыз 2019, 16:54
3710
Бөлісу:
Наурыз мерекесіне орай алып тиін безендіріледі

Алматы, BAQ.KZ. Наурыз қарсаңында атақты тиіннің басына тақия кигізіліп, қолына қызғалдақ гүлі ұстатылады.

Алып тиін осындай күйде бір ай бойы тұрады. Funk креативті агенттігі арт-нысанды безендіру үшін 170 мың теңге жұмсалатынын айтуда. Сонымен қатар, 22 наурыз күні аталған нысан жанында NowRyz party фестивалі өтеді.

«Тиіннің қолындағы қызғалдақ ашық түсті болады. Осылайша тиін мереке символына айналады»,-дейді Funk агенттігі.

Фестиваль Алматы әкімдігінің қолдауымен өтеді. Алаңға ұлттық өрнектермен безендірілген киізүйлер тігілмек. Олардың ішінде әртүрлі шеберлік сағаттары өтеді.

Өзгелердің жаңалығы