Науқаншылық емес, халық тойлайтын мейрам жасау керек – Абзал Сапарбекұлы

20 Наурыз 2024, 12:21
702
Бөлісу:
Науқаншылық емес, халық тойлайтын мейрам жасау керек – Абзал Сапарбекұлы
PHOTO
Фото: Нұрасыл ЕРЖАНОВ

“Қазақстан” телекорпорациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан Наурыз-марафонында “Ұлыстың ұлы күні қалай ұлықталуы керек?” тақырыбында дискуссия өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Міне, біз тарихта бірінші рет Жаңа жылымызды, он төртінде, өз уақытында мерекелеп бастадық. Жалпы түркі дүниесінде біз тренд жасап жатырмыз. Бұйыртса, келесі жылы он төртінші наурыз жалпы түркінің мүшелік жыл басы деп аталса деген ниет бар, – деді этнограф Серік Ерғали дискуссия барысында.

Науқаншылық емес, халық тойлайтын мейрам жасау керек – Абзал Сапарбекұлы

Ол сондай-ақ 14 наурызды демалыс ретінде тағайындауды ұсынды. Оның ойынша, мерекені тойлауды мекемелер жақсы қолға алып жатқанымен, халық әзірге тойлаудан тысқары қалып жатыр.

Науқаншылық емес, халық тойлайтын мейрам жасау керек – Абзал Сапарбекұлы

Биыл Наурызды он күннің әрбір күніне бір атау беріп, үлкен тұжырымдамамен тойлап жатырмыз. Бұл жаңаша тойлаудың бір бастамасы деп қабылдау керек. Енді Наурызды науқаншылық емес, халық тойлайтын мейрам жасау үшін Наурызды ұлттық өзіндік брендімізге айналдыруымыз керек деп ойлаймын, – деді «Отандастар» қоғамының президенті Абзал Сапарбекұлы.

 

Ол мерекені ұлттық брендке айналдыру үшін Үндістан, Бразилия, Испаниядағы фестивальдарды тамашалауға әлем халқы жиналатындай туристерді тарту керегін айтты.

Науқаншылық емес, халық тойлайтын мейрам жасау керек – Абзал Сапарбекұлы

Сонда бір жағынан басқаға көрсету үшін өзіміз де тойлаймыз. Бір жағынан кіріс болады, – деді Абзал Сапарбекұлы.

Науқаншылық емес, халық тойлайтын мейрам жасау керек – Абзал Сапарбекұлы
Өзгелердің жаңалығы