Нарықта тексерілмеген халал өнімдері бар – АШМ

15 Қаңтар 2019, 13:25
1794
Бөлісу:

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Берік Бейсенғалиев нарықтағы тексерілмеген халал өнімдерді бақылауға алуға шақырды.

«Ерекше қасиеті немесе сапасы бар өнімді өндірумен және өткізумен байланысты мәселелерді реттеу бойынша шаралар қабылдану керек. Мысалы, нарықта ешқандай сәйкестікке бағынбайтын, бағалаудан өтпеген халал таңбасы бар өнімді кездестіруге болады. Бұл қоғамдық даму министрлігі халал индустриясы саласында бірыңғай саясатты іске асыруы қажет деп ойлаймыз», - деді вице-министр.

Осы орайда ол аталған мәселені шешу үшін министрліктер бірігіп жұмыс істеуі қажет екенін атап өтті.

«Жоғарыдағы мәселелерді шешу бойынша денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық денсаулық сақтау комитеті мен индустрия және инфрақұрылым даму министрлігі техникалық реттеу және метрология комитеті жанынан ауыл шаруашылығы және тамақ өнімі бойынша нысаналы және функциялары бар жекелеген құрылымдық бөлімшелер мен төрағалардың орынбасарыларының бірліктерін құру қажеттілігі туындап отыр», - деп түйіндеді сөзін Берік Бейсенғалиев.
Дәурен Ерболат
Өзгелердің жаңалығы